
Ерқосым Назгүл Нұрланқызы
бөлім меңгерушісі, терапевт-трансфузиолог дәрігер
Бөлім құрамы
Кузенбаева Разия Сметовна – жоғары санатты терапевт дәрігер

Сойинова Бактыгул Джалгасовна
аға мейірбике
Негізгі міндеттері:
– Қан, плазма және қан жасушалары донорларын жасақтау, оларды есепке алу, картотека жүргізу.
– Кәсіпорындарда көшпелі акциялар ұйымдастыру.
– Көшпелі акцияларға арналған көшпелі бригада құрамын жасақтау және бекіту.
– ДЖБ есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізу.
– Донорлыққа жатпайтын адамдар туралы электрондық дерекқорды қалыптастыру.
– Сирек кездесетін қан топтары бар донорларды іріктеу және есепке алу.
– Аферездік донацияларға донорларды іріктеу.
– Донорларды медициналық куәландыру.
– Донорлардың қан орталығында болу уақытын қысқарту мақсатында қан мен оның компоненттерін алуға келетін донорлар ағынын реттеу.
– Медициналық ұйымдарды өтінімдер бойынша уақтылы қамтамасыз ету.
– Қызыл Жарты Ай қоғамымен бірлесіп, радио, теледидар, баспасөз және т.б. арқылы халық арасында донорлықты үгіттеу және насихаттау жұмыстарын жүргізу.
– Гемотрансмиссивтік инфекцияларға (ГТИ) талдау нәтижелері оң болған донорлар бойынша аралас медициналық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.
– ДЖБ өз жұмысында қолданыстағы нормативтік-құқықтық құжаттарды басшылыққа алады.
Негізгі функциялары:
– донорларды (сирек топтағы, жасуша донорларын) іріктеу, оларды есепке алу және тексеру
– гемопоэздік дің жасушаларының (ГДЖ) ұлттық тіркеліміне донорларды іріктеу
– қарсы көрсетілімдер бойынша донорларды есептен шығару және оларды қан мен оның компоненттерін тапсырудан шеттету
– донорлардың донациялар арасындағы аралықтарды сақтауын бақылау
– медициналық құжаттаманы жүргізу, бекітілген нысандар бойынша белгіленген мерзімде есепке алу және есептілік ұсыну
– белгіленген талаптарға сәйкес барлық донорларға картотека мен мұрағат жүргізу
– тері-венерологиялық диспансерде, АИТВ орталықтарында, туберкулез, психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерде есепте тұрған адамдар туралы мәліметтер алу және оларды дерекқорға енгізу
– медициналық ұйымдарды өтінімдер бойынша уақтылы қамтамасыз ету.